Кеше Сырдария ауданында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен аудан әкімдігінің қолдауы арқылы Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында жас түлектерді оқу орнына бағыттау және жастарды жұмыспен қамту мен кәсіпке баулу бойынша республикалық «Tulga Bol» жылжымалы жәрмеңкесі өтті.Жәрмеңке Тереңөзек кентіндегі орталық алаңда жастарға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар, аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушевтің жеке қабылдауы, тұрғын үй мәселесі, 2,5% несие беру, жоғары оқу орындары мамандықтарын ұсыну, бос жұмыс орын ұсыну және т.б бағыттар бойынша тиісті сала мамандарының қатысуымен ұйымдастырылды.Аталған шараны аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев пен облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов және облыстық жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Ерлан Сисенбиев ашып, барлық жастарға сәттілік тіледі.Шара аясында өткен спорттық сайыс жеңімпаздары марапатталып, аудан әкімінің дипломдары мен бағалы сыйлықтары табысталды.Аудандық жастар ресурстық орталығы мен «Жастар рухы» жастар қанатының аудандық филиалының үйлестіруімен өткен жылжымалы жәрмеңке аясында орталық алаңда спорттық сайыстар өткізіп, «Кітап сыйла» акциясы, кәсіп ашу, этноауыл көрмесі, Дәрігер қабылдаулары, тұрғын үй мәселесі, жастар бригадалары туралы және түрлі саладағы консультациялық кеңес арқылы жастарға бағыт-бағдар берілді. Аудан жастарына көптеген сала бойынша кеңестер берілді. Барлық іс-шараға ат салысқан жандарға алғыс айтамыз. Жылжымалы жәрмеңке ауданымыздың басқа да ауылдарында жалғасын табатын болады,-дейді аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрман Абдрасилов.Сырдария ауданының әкімдігі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!