Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 20:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Тәуелсіздік түлеткен тұлға

01.10.2022

826 0

Кеше Сыр елінің тумасы, мемлекет және қоғам қайраткері Ұзақбай Қарамановтың есімі қаланың бір көшесіне берілді. Салтанатты шараға Наурызбай Байқадамов, сенатор, профессор Бақытжан Жұмағұлов және басқа да зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерінің әулеті қатысты.

Биыл тәуелсіз мем­ле­кетіміздің тұңғыш Премьер-министрі Ұзақбай Қарамановтың туғанына

85 жыл толып отыр. Осыған орай мемлекет және қоғам қайраткерінің атына облыс орталығынан көше беріліп, ұлықтау шарасы өткізілді.

Жиында облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов оның ел дамуына қосқан елеулі еңбегі мен өнегелі жолы туралы айтып өтті.

– Елі мен жері үшін толағай қызмет атқарған ұлы адамдардың өмір жолы болашақ ұрпақ үшін әрқашан өнеге. Бүгін Сыр төрінде есімі алты алашқа танылған, нар тұлғалы азаматтардың бірі – Ұзақбай Қарамановтың есімін ұлық­тауға жиналдық. Кеңес Одағы за­манында да, тәуелсіздік жылдарында да жауапты қыз­мет атқарып, аянбай еңбек етті. Қайраткер тұлғаның есімі елге ғана емес, алыс жақын шет мемлекеттерге де белгілі. Ол құрылыс және сәулет саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Оның Астана мен Алматы секілді алып шаһарлардағы теңдессіз ғима­раттардың авторы екендігін барша жұрт жақсы біледі. Сол се­бепті Сыр­дың тумасын ұлықтау, оның еңбегін болашақ ұрпаққа насихаттау біздің парызымыз, – деді ол.

Теңізді өлкеде туып,  бүкіл ғұмырын қазақ елінің дамуы мен өркендеуі жолына арнаған қай­раткердің есімі туған өңірінде осылайша дәріптелді. Ұлықтау ша­ра­сында қоғам қайраткерлері мен ай­маққа белгілі тұлғалар ол туралы есте­ліктерімен бөлісіп, өмір жолын еске алды.

Сонымен қатар шараға арнайы келген қайраткердің жары Ұлдай Рахметоллаева мемлекет қайраткерінің ерекше қасиеттерін тілге тиек етті. Өз ке­зе­гінде шараны ұйымдастырған аза­маттарға алғысын білдірді.

Салтанатты жиын мұнан соң Ұ.Қарамановқа арналған «Тәуелсіз­дік түлеткен тұлға» атты республи­калық ғылыми конферен­циямен жал­ғасын тапты. Сондай-ақ көрнекті мем­лекет және қоғам қайраткерінің ру­хына бағыштап арнайы ас берілді.

«Ақмешіт-ақпарат»

Суретті түсірген

Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: