Сенбі, 10 мамыр, 01:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33, 2146
06.05.2025
PDF мұрағаты

Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылында құрылыс жұмыстары қарқынды

01.04.2025

872 0

Аймақ басшысының тікелей қолдауымен өткен жылдан бастап Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының Бейбарыс Сұлтан көшесінен Әбілқайыр хан көшесіне дейінгі Сырдария өзенінің қорғаныш бөгеті нығайтылып, 6,7 шақырымы қайта жаңғыртылуда.

Мердігер «УАД» ЖШС бұған дейін 1,2 шақырым кеңейтілетін аумаққа жол салып, асфальт төседі. Сырдария өзенінің жиегіндегі қорғаныс бөгеті тазаланып, 2,6 шақырымға жуық дамба нығайтылды, 1,4 шақырым тіреу қабырға, 820 метр жиек тұрғызылды.

Даңғылдың жалғасы ретінде Әбілқайыр хан көшесінен Саламатов көшесіне дейінгі қорғаныс бөгетін нығайту мен 2,9 шақырым автомобиль жолын салу жоспарланған.

Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылында құрылыс жұмыстары қарқынды

Шаттық Ниязова,
Қорқыт ата атындағы
Қызылорда универсиетінің студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: