Бүгін «Тағзым» алаңында Тәжік-Ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді құрметпен еске алу шарасы өтті.
Бұл күні, 7 сәуір 1995 жылы, ел үшін кеудені оққа керген қазақстандық сарбаздар Тәжік-Ауған шекарасында айбынды ерліктің, қайтпас қайсарлық пен беріспес батылдықтың ерен үлгісін көрсеткен болатын.
Шарада қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов ардагерлерге ізгі лебізін білдіріп, амандық, дендеріне саулық тіледі.
– Тәжік-Ауған соғысы ардагерлерін қадірлеп-құрметтеуді өзіміздің борышымыз деп білеміз. Кеудесін оққа тосып, өздерін жасындай өмірін тәуекелге тіккен жауынгерлердің ерен ерліктері қанша уақыт өткеніне қарамастан ел есінде, ұрпақ жадында сақталады, – деді.
Сондай-ақ, Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың ардагерлер одағының Республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Марат Орынбайұлы алғысын білдірді.
Шара барысында Тәжік-Ауған шекарасында қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтары қойылды. Ерлікпен қаза тапқан жерлестеріміздің рухына құран бағышталды.
![Тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу шарасы өтті](https://aqmeshit-aptalygy.kz/wp-content/uploads/2022/04/46-3-1024x742.jpg)
![Тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу шарасы өтті](https://aqmeshit-aptalygy.kz/wp-content/uploads/2022/04/47-3.jpg)
![Тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу шарасы өтті](https://aqmeshit-aptalygy.kz/wp-content/uploads/2022/04/44-3-1024x683.jpg)
![Тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу шарасы өтті](https://aqmeshit-aptalygy.kz/wp-content/uploads/2022/04/43-2-1024x833.jpg)
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!