Сенбі, 28 желтоқсан, 00:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Талсуатқа жаңа әкім тағайындалды

09.12.2020

1422 0

Қалалық сайлау комиссиясының қорытынды хаттамасы негізінде, қала әкімінің өкімімен Жылқыбай Айбек Жамалұлы Талсуат ауылдық округінің әкімі қызметіне тағайындалды.

Бүгін қалалық мәслихатта Талсуат ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді. Сайлауға таңдаушылардың, яғни депутаттардың жалпы санының үштен екісінен астамы қатысып, ұсынылған үміткерлер ішінен Жылқыбай Айбек Жамалұлы басым дауысқа ие болып, кандидатурасы қолдау тапты.

Жаңадан сайланған округ әкімін ауыл тұрғындарымен кездесіп, шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаев таныстырды. Кездесу барысында осы кезге дейін Талсуат ауылдық округінің әкімі қызметін абыроймен атқарып келген, Нұрлыбаев Болатбек Қалиұлының ел үшін атқарған еселі еңбегіне тоқталып, 2 жылдан аса ауылдың бірқатар мәселелерін оңтайлы шешуге жұмыс жасаған басшының құрметті еңбек демалысқа шыққанын атап өтті.

Айбек Жамалұлы 1979 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. 2002 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономист-маркетолог» мамандығы бойынша аяқтап, еңбек жолын 2002 жылы «КСИ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сауда жөніндегі менеджері қызметінен бастаған.

2005-2011 жылдары Төтенше жағдайлар департаментінің «Жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінде құтқарушы бөлімшесінің командирі, баспасөз хатшысы, 2011-2012 жылдары Қызылорда қаласының жұмыспен қамту орталығының жоғарғы санаттағы маманы, бөлім бастығы, 2012-2016 жылдары «Жұмылдыру жұмыстары және дағдарыс жағдайындағы шұғыл талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

2016 жылдың шілде айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының терроризмге қарсы іс-қимыл және арнайы құрылымдарды үйлестіру бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келді.

Қала әкімі Айбек Жамалұлының жаңа қызметіне сәттілік тілеп, алдағы уақытта талсуаттықтардың, халық қалаулыларының сенімдерін ақтап, округтің одан әрі өсіп өркендеуіне аянбай еңбек ететіндігіне сенім білдіретінін жеткізді. Ауыл бойынша алда атқарылатын жұмыстарды, әкімдік алдындағы міндеттерді нақтылап, елмен етене жұмыс істеуді тапсырды. 

Жаңа әкімді жылы қарсы алған тұрғындар да ауылды дамытуға бағытталған бастамаларды бірлесе атқарып, жақсы істе жұмыла жұмыс жасайтындарын айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: