Бүгінгі таңда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан барлық қолдаулар жасалуда. Әсіресе, кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті ауыл тұрғындары үшін мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдікпен берілетін несиелер қарастырылған. Қолдау алған кәсіпкерлердің бірі – Талсуат ауылдық округінің тұрғыны Гүлжан Кәрімова.
Ол «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымы арқылы кондитерлік цех жұмысына 5 млн. теңге несие алып, қаражатына негізгі құрал-жабдықтарын түгендеді. Бүгінде нан өнімдерін және жартылай фабрикаттарды тапсырыс бойынша пісіруде.
Ал, “Ауыл аманаты” бағдарламасы арқылы кәсібі қолдауға ие болған Талсуат ауылдық округінің тұрғыны Гүлжан Ахметова 2,5 пайызбен 7 млн.теңге несие алып, тігін шеберханасын ашты. Тігінші анасының ізін жалғап келеді. Алты баланың анасы, алтын алқа иегері. Шеберханада алғашқы тапсырысын алып, мектептің 22 оқушысына қазақша киім тікті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!