Жұма, 27 желтоқсан, 07:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Талсуаттықтардың талабы қандай?

24.05.2022

1037 0

Елдің даму динамикасы ауыл халқының әл-ауқатын көтеруден басталары анық. Осы ретте қала әкімі Асылбек Шәменов Талсуат ауылдық округінің халқымен кездесті.

Көкейде жүрген сауалын қойып, билік тарапынан нақты жауап алғысы келетін тұрғындар шаһар басшысына нақты мәсе­лелер бойынша уәжін айтты. Атап айтсақ, бүгінде бұл елді мекендегі ең күрделі мәселе аяқ су болып отыр. Дария деңгейінің төмендеуі салдарынан ауыл іші­не, тұрғындардың табыс көзіне айналған бау-бақшаларына аяқ су келмеуде. Бұл жағдайларға байланысты қала әкімдігі жоспар бекітіп, әрбір округке насос алып беруді қолға алды. Сонымен қоса республикада алғашқылардың бірі болып жер асты суын пайдалануды бастады. Қазылған ұңғымалар арқылы енді ауыл ішіне тіршілік нәрі жіберіліп, жасыл желек күтіміне мүмкіндік жасалады.

– Ел ішінде мәселе жоқ емес. Дегенмен қазір біздің балалар үшін қуықтай мектепте білім алу қиынға соғып отыр. Қазір бала саны артты. Сондықтан мекте­бімізді кеңейтіп берсеңіздер, – деді ауыл тұрғыны Берік Биятов.

Иә, талсуаттықтар осылайша қала әкімінен мектепті кеңейту үшін жапсарлас қосымша құрылыс салуды да сұрады. Бұған олардың салмақты себебі де бар. Өйткені соңғы жылдары бұл елді мекенде тұрғындар саны артып, мектепте оқушыларға орын жетіспеушілігі байқалуда. Нақты айтқанда 2007 жылы пайдалануға берілген 150 орындық білім ұясында бүгінгі күні 400-ге жуық оқушы білім алуда. Қала басшысы аталған мәселені шешу мақсатында тиісті шаралар қабылдайтындығын жеткізді.

– Болашақ – жас ұрпақтың қолында. Сондықтан олардың сапалы білім, жайлы жағ­даймен қамтылуы үшін мемлекет барлық жағдайды жасайды. Сіздер сөз қылған бұл мектеп құрылы­сы – кезек күттірмейтін мәселе. Сондықтан алдағы уақытта тиісті шаралар қабылдаймыз, – деді қала әкімі.

А.БАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: