Дүйсенбі, 25 қараша, 04:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Тас қалаушыдан басталған жол

13.08.2023

373 0

Қаламыздың көркіне көрік беріп, зәулім үйлер мен ғимараттар салуға өз үлесін қосып жүрген жан­ның бірі – Қалдыбек Абдреев. Кейіпкеріміз «Дәнекер құрылыс компа­ниясы» ЖШС-да учаске бас­шысы қызметін атқара­ды

Кейіпкеріміз 1960  жылы  Қызылорда облысы­­ның  Сырдария ауда­нына қарасты Шаған ауы­лында дүниеге келген. Өмір жолын  құрылыс са­ласына арнаған Қалдыбек Абдреевтің қажырлы еңбегі зор құрметке ие. Оның  42 жыл бойы жасаған құрылыс нысандарында өзіндік қол­таңбасы қалған.

Алғаш еңбек жолын 1981 жылдың маусым айында  ПМК – 18 «Рис­совхозстрой»  мекемесіне IV  разрядты тас қалаушы  болып бастаған. Сол ме­кемеде бірнеше айдан кейін шебер қызметкері болған. Бір жылдан кейін бас инженер қызметіне ауысып, 4 жылдан кейін  ӨТБ басшысы қызметіне дейін өскен.

Ал 1987 жылы Терең­өзек күріш совхозына ЖКО инжтеплотехник қызметіне жұмысқа ауысқан. Онда  үш жыл  қызмет жасағаннан кейін шаруашылық про­рабы болған.

Аталған мекемеден 2012 жылы өз еркімен жұмыстан шығып, «Дәнекер құрылыс компаниясы» ЖШС-на прораб ретінде жұмысқа қабылданған. Серіктестікте алты жыл еңбек еткен кейіпкеріміз 2018 жылдан бастап  учаске басшысы  қызметіне дейін көтерілген.

«Дәнекер құрылыс ком­паниясы» ЖШС мекемесі кейіпкеріміздің тұрақты жұмыс орнына айналған. Бұл мекемеде еңбегі еленіп 2018 жылы құрылысшылар күніне орай алғыс хатпен марапатталған. Ал 2019 жылы «Қазақстанның құр­метті құрылысшысы» атты құрмет белгісін алған.

Қазіргі таңда мекемедегі әріптестерімен бірге қала мен облыс аумағындағы ау­дандарда көптеген тұрғын үй құрылыстарының, жол, ауызсу, аяқсуларды елді-мекендерге пайдалануға, түрлі қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, тұр­ғын үй нысандарының құ­рылыстарын салуға және қала орталығын көркейтуге атсалысып келеді.

Н.АЛТЫН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: