Сәрсенбі, 03 шiлде, 12:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Тасбөгет кентінің әкімі тағайындалды

15.12.2023

2178 0

Қала әкімі Асылбек Шаменов пен қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев Тасбөгет кенті тұрғындарына кенттің жаңа әкімін таныстырды.

Естеріңізге сала кетсек, 10 желтоқсан күні Тасбөгет кенті әкімінің сайлауы өткен болатын. Сайлауға өзін-өзі төрт кандидат ұсынды, оның 1-і мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты кандидаттықтан алынды. Округ бойынша 18 763 сайлаушының 14 744 өз таңдауын жасады. Сайлау қорытындысына сәйкес, Тныштықбай Айдын Маратұлы 10 099 (68,58 пайыз) дауыс жинап, Тасбөгет кентінің әкімі болып сайланды.

Айдын Маратұлы 1993 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Жоғары білімді.

Еңбек жолын 2017 жылы Қызылорда қаласы әкімі аппаратының статисті ретінде бастаған.
2017 – 2022 жылдары қала әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және құқық қорғау органдарымен байланыс бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы;
2022 – 2023 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы;
2023 жылдың ақпан айынан бастап Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ директоры қызметін атқарып келді.

Жиында қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймұрзаев жаңадан сайланған әкімге куәлік табыстады. Қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы кент әкіміне мемлекеттік бағдарламаларды сапалы жүзеге асыруды және елді мекенді дамытуды, халықпен кеңесіп жұмыс жасауды тапсырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: