Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев кент ақсақалдарымен бірге жаңадан орнатылған аяқ су айдау насосын іске қосты.
Тасбөгет кентіндегі жаңа насос қондырғысын орнатуға облыстық мәслихат депутаты Сандыбаев Бауыржан Тұрсымбайұлы демеушілік жасады. Кент аумағын аяқ сумен қамту мақсатында салынып жатқан бұл 3-ші қондырғы болатын. Бұдан бөлек 2 су айдау насосы тұрақты жұмыс істеп, 17 көшені қамтып отыр. Жаңа қондырғы Е.Бозғұлов көшесі бойындағы көпқабатты үйлер ауласын, облыстық балалар ауруханасы, сондай-ақ облыстық «Дарын» мектеп-интернаты аумағын қамтитын болады.
Игі жұмыстарды көпке үлгі екенін тілге тиек еткен Ғанибек Қонысбекұлы Бауыржан Тұрсымбайұлына алғысын айтып, мұндай жұмыстар әлі де жалғасын табатынын жеткізді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!