Дүйсенбі, 25 қараша, 11:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Тасбөгетті түлеткен жобалар

19.08.2023

889 0

Биыл Тасбөгет кентінде бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асуда. Соның бірі – жаңадан салынатын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы. Оған облыстық бюджеттен 542,1 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, биыл кенттегі 41 көшені жөндеуге облыс және қала бюджеттерінен 833,7 млн теңге қаржы қаралып, мақсатты жұмыстар атқарылуда.

Кентте жолдарды жаңартумен қатар, жарықтандыру жұмыстары да қолға алынған. Биылғы жылы жалпы құны 178 млн теңге болатын 6 көшені жарықтандыруға облыстық бюджеттен тиісті қаражат бөлінді. 3,5 млн теңгеге «Еңбек» және «Өркендеу» саяжайларының негізгі 3 көшесіне жарық бағаналары орнатылды. «Шауқаман бағы» да абаттандырылып, халыққа қолайлы жағдай жасалынады.

Биылдың өзінде инвесторлар есебінен 4 млрд теңгеден астам қаржыға кент орталығынан 5 қабатты 338 пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, шағын маркеті, моншасы, көлік жуу орталығы, дәріхана және шаштаразы бар сауда кешені салынып, қызмет көрсетуде. 200,0 млн теңгеге «Құддыс Ишан» мешітінің жаңа ғимараты бой көтеруде. Ал 100,0 млн теңгеге саябақ жанынан биометриялық зертхана салынуда. Тағы бір жоба, «AЭS and Limited» ЖШС-нің демеушілігімен 100 млн теңгеге Сабалақ саяжайына табиғи газ желісін тарту жұмыстарының жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. Сабалақ елді мекеніндегі ауызсу мәселесі де толық шешілген.

Кент пен саяжайға аяқсу жіберу үшін 12 аумаққа аяқсу насосы қойылып, бүгінде үздіксіз жұмыс атқаруда.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: