«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының белсенділері «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында «Таза Бейсенбі» акциясын ұйымдастырды.
Тазалық жұмыстары Қызылорда қаласындағы «Тағзым алаңында» өтті. Шараға бастауыш партия ұйымдарының белсенділері, партия филиалының аппараты, Саяси кеңес мүшелері қатысты.
Жалпыұлттық жоба аясында партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева кеңінен айтып өтті.
– Өткен жылы да партияластарымыздың қолдауымен тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілді. Оның ішінде, су айдандары, арналар мен көшелер, ескерткіштер маңы, саябақтар бар. Биылғы жылы бірінші рет ұйымдастырылып отырған тазалық жұмыстарына қатысушы азаматтарға алғыс білдіремін. Бұл жоба арқалы әрбір қала тұрғыны ортақ үйіміз – шаһарымызды ұқыптылықта ұстап, тазалық мәдениетінің дамуына себепші болары анық, – деді Гүлшат Мұсаева .
Партияластар «Тағзым алаңының» бұрқасын қар салдарынан жабылған жаяу жүргіншілер жолын қардан тазарту жұмыстарын жүргізіп, қоқыстардан тазартты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!