Бейсенбі, 16 қазан, 23:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78, 2190
14.10.2025
PDF мұрағаты

«Таза Қазақстан»: ажарланған саябақ

16.10.2025

38 0

Ел Президентінің бастамасымен қолға алынған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы Сыр шаһарында сәтті жүзеге асырылуда. Берекелі іске барлық мекеме ұжымдары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, волонтерлер мен жастар және тұрғындар белсенді қатысып келеді. Олар қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге, азаматтық жауапкершілікті арттыруға, экологиялық сана қалыптастыруға ынталы және ниетті. Соның нәтижесінде қоғамдық игілікке қауымдасып атсалысу ортақ мүддеге айналды. Бүгінгі таңда қала аумағында 33 сквер-аллея және саябақтар мен демалыс орындары болса, халыққа қолайлы жағдай туғызу үшін солардың әрбірі күтімге алынып, жаңғыртудан өтуде. Соның бірі – Қорқыт ата саябағы.

«Таза Қазақстан»: ажарланған саябақ
«Таза Қазақстан»: ажарланған саябақ
«Таза Қазақстан»: ажарланған саябақ

Аймақ басшысының тікелей қолдауымен толық жаңғырту жұмыстары жасалған саябақ ажарланып, келбеті көріктенді. Аумағы 39 мың шаршы метрді құрайтын саябаққа су бұрқағы, спорт пен ойын алаңдары салынып, жарық шамдары орнатылды. Жобаны жүзеге асыруға 1 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалды. Қайта жаңғыртылған Қорқыт ата мемориалды саябағы енді тұрғындар мен қала қонақтарының сүйікті орнына айналатыны сөзсіз.

«Таза Қазақстан»: ажарланған саябақ

Бүгін жаңарған саябаққа ел ағалары, қоғам қайраткерлері, ардагерлер, қала тұрғындары жиналды. Мұнда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасына белсенді қатысқан коммуналдық сала қызметкерлерінің, Қорқыт ата мемориалды саябағын жаңғырту жұмыстарын жүргізген мердігер мекеме мамандарының еңбегі еленіп, қала әкімі Нұржан Ахатов алғыс хаттар табыстады.

«Таза Қазақстан»: ажарланған саябақ

–Сіздерді тарихы терең туған өлкеміздің ғасырлық тойы және «Қала күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Өздеріңізге белгілі, аймақ басшысының қолдауымен бұған дейін 6 млрд. 500 млн. теңгеге қалалық мәдени – демалыс паркі жаңғыртылып, халық игілігіне берілген еді. Қазіргі таңда 15 млрд. теңгеге Президент саябағы қайта жаңалануда. Мұнда 10 млрд. теңгеге жылдың 4 мезгілінде үздіксіз жұмыс жасайтын 300 орындық заманауи балалар тынығу лагері бой көтеруде. Саябақта 5 млрд. теңгеге Ботаникалық білім беру орталығының ғимараты салынуда. Жоспарымыздағы мегажоба – Президент саябағы мен Астана шағын ауданын байланыстыратын, құны 9 млрд. теңгеге Сырдария өзені үстінен жаяу жүргіншілер көпірі түседі. Жергілікті бюджет есебінен 1,3 млрд. теңгеге 20 көпқабатты үйдің аулалары абаттандырылып, оның аясында 19 футбол, 25 жаттығу, 21 балалар ойын алаңы және 13 демалыс орны салынуда. Бұл нысандар жақсы істердің жалғасы, жаңашыл жобаларымыздың бастамасы болғай, – деді Нұржан Сәбитұлы.

«Таза Қазақстан»: ажарланған саябақ

Шара соңында шаһар басшысы ел ағаларына, қоғам қайраткерлеріне, ардагерлерге саябақта жасалған жаңашыл жұмыстардың нәтижесін таныстырды.

«Таза Қазақстан»: ажарланған саябақ

Айта кету керек, жаңғырған Қорқыт ата саябағы «Қала күні» мерекесі қарсаңында ашылған болатын. Бұл қызылордалықтардың бос уақытын тиімді өткізетін жайлы және саялы орынға айналды.

«Таза Қазақстан»: ажарланған саябақ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: