Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының басталғаны белгілі. Оның аясында әр аптада бекітілген тақырыптар бойынша аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.
Науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» атауымен аталып, бүгін ұйымдастырылған игі бастамаға барлық мекеме ұжымдары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, еріктілер, қоғам белсенділері мен жастар және тұрғындар белсенді қатысты.
Акцияға қатысушылар бекітілген аумақтарда тал көшеттерін отырғызып, сквер-аллеяларды тазалап, аяқ су жүретін арық көздерін аршыды. Ал, арнайы мекеме жұмысшылары аялдамаларды, жолаушылар дамылдайтын орындықтарды, бағдаршамдарды жуып, жарық бағаналарын сырлады.Айта кету керек, 2-ші наурыз бен 4 мамыр аралығына облыс әкімінің өкімімен жарияланған екі айлық санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру шарасы басталғалы қалаішілік арықтар аршылып, негізгі каналдар тазаланды. 8 000-ға жуық тал көшеттері отырғызылды. Екі айлық аяқталғанша 35 мың түп саялы ағаш егіледі. Жас өскіндерге жаңадан құрылған «Жасыл-Қызылорда» мекемесі күтім жасайды.
Қызылорда қаласының әкімдігі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!