Жексенбі, 22 желтоқсан, 17:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Таза табиғат» акциясына қолдау білдірді

29.03.2021

4239 0

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында елімізді ауқымды көлемде көгалдандыруды және экологиялық жағдайды жақсартуды тапсырған болатын. Осы орайда Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ этнос өкілдерімен бірлесіп, Теміржол саябағында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Таза табиғат» акциясына қолдау білдірді. Оған облыстық ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков, облыстық этномәдени бірлестік жетекшілері, белсенділері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы және «Волонтерлар фронт-офис» өкілдері, мекеме қызметкерлері қатысты.

«Таза табиғат» акциясына қолдау білдірді

Облыстық ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков: «Бүгін этномәдени бірлестіктің өкілдері, мекеме қызметкерлері бірлесіп, республика көлемінде жүріп жатқан үлкен игі жұмысты жалғастыруда. Бүгін біз 200-ге жуық көшет отырғыздық. Егер әрбір азамат, елді мекендерді тазарту және ағаш отырғызу жұмыстарына қатысатын болса, онда әр ауыл, аудан, қала және олармен бірге бүкіл еліміз де көркейе түседі. Қала – ортақ үйіміз, оның көркеюі мен жасыл желекке айналуы ел мерейі. Игі істерімізге сәттілік тілеймін», -деді.

«Таза табиғат» акциясына қолдау білдірді

Игі шараға белсенді қатысқан «Славяне» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова: «Өңірімізде ағаш егудің игі дәстүрге айналғаны бізді қуантады. Облыстық Ассамблея мүшелері қаланың көркеюіне атсалысып, үлгілі істерімен үлкен шараға үлестерін қосып жүр. Бүгінгі еккен көшеттеріміз бірнеше жылда жайқалып өсіп, қаланың сәнін ашады деп сенемін», – деді.

Тал егу акциясы – өте маңызды іс екені сөзсіз. Тал – бейбітшілік нышаны, табиғаттың нәзіктілігі және оны қорғау қажеттілігін еске түсіретін белгі. Еккен талдар қаланың экологиялық жай-күйін жақсартатыны да сөзсіз. Акцияға қатысқан «Жаңғыру жолы» жастары: «Бүгін еккен ағаштар тамыр тартатынына сенімдіміз. Алдағы уақытта жасыл желектің әсерінен ауа тазарып, қолайлы микроклимат қалыптасады», – деді.

Акцияға қатысушылар алдағы уақытта қаламыздың абаттанып, шырайын әрлендіре түсу үшін өз күштерін аямайтындарын айтып өтті. Сондай-ақ «Қара жорға» әніне флешмоб билеумен шараны көңілді аяқтады.

#Қоғамдық_келісім

#БірлікКелісімТұрақтылық

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: