Сенбі, 21 желтоқсан, 21:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Тазалықшылар қоғамдық көлікте тегін жүреді

02.06.2022

1159 0

Өткен аптада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың жеке қабылдауында болған қала тұрғыны, 18 жылдан бері «Қызылорда тазалығы» мекемесінде қызмет атқаратын Гүлайым Қарғабаева жұмысшылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру туралы өтінішін жеткізді.

Аймақ басшысы қытымыр қысқа да, аптап ыстыққа шыдас беріп, күні-түні қызмет жасап жүрген тазалықшылардың еңбегі жоғары екенін атап өтіп, қала әкіміне олардың 1 маусымнан бастап қоғамдық көлікте тегін жүруіне жағдай жасауды тапсырды.

Бүгін қала әкімі Асылбек Шәменов “Қызылорда-тазалығы” мекемесіне барып, қызметкерлеріне уәде етілген тегін билеттерді табыстады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: