Облыстың 85 жылдығы және қала күні мерекесі аясында Тұңғыш Президент саябағында «OPEN AIR» жастар фестивалі өтті.
«QOSYL» жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға қала жастары жиналды. Мерекелік кешке ән әлеміндегі жаңашыл лебімен тыңдарман жүрегін жаулаған жастардың сүйікті әншісі Қанай қонақ болып, салтанатты кештің көрігін қыздырды.
Жыл сайын қала күні мерекесі қарсаңында «OPEN AIR» жастар фестивалін өткізу дәстүрге айналып келеді. Бұл күні көпшіліктің сүйікті әншілері, аймақтан шыққан танымал өнер жұлдыздары арнайы келіп қызылордалықтарды мерекемен құттықтап, ән шашуын арнайды. Жылдағы дәстүр биыл да жалғасын тауып, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады.
Әсем әндер әуелеген мереке соңы би кешіне ұласты. Жастар қауымының сұранысын DJ JOKER жандандырды. Осылайша қос мерекеге ұйымдастырылған кештен көпшілік көңілді тарқасты.
«Ақмешіт-ақпарат»
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!