Жұма, 27 желтоқсан, 08:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Түркістанды су басты

14.03.2024

1641 0

Сурет: stan.kz

Түркістан облысында су басқан көшелерді құрғату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Сайрам, Мақтаарал, Сарыағаш аудандары мен Жетісайда сегіз аула су астында қалды. Нөсер жаңбыр шымкенттік коммуналдық қызметкерлерді әуреге салды. 

Қатты жауған жаңбыр жолдарды, үй аулалары мен көпқабатты үйлердің аумақтарын басып қалды. Төтенше жағдай көлік жүргізуішлері мен жаяу жүргіншілерге де қолайсыздық туғызды. Коммуналдық қызметкерлер мен құтқарушылар жаңбыр суын сорып, жерді құрғатуға тырысты. Төтенше жағдай департаменті қаланың төрт ауданындағы бір үйді, 15 аула мен 10 көшені су басып қалғанын мәлімдеді. 

Қазір өңірдегі жағдай жақсарған. Алайда синоптиктердің болжауынша, еліміздің оңтүстігінде әзірге күн жылымайды. 

“Шымкентте толассыз жаңбыр жауды. 15 ауланы су басып, 3467 текше метр су сорылды. Арықтар мен каналдар тазартылды, проблемалық аймақтар құм салынған қаптармен бекітілді. Қазір қауіп сейілді”, – дейді Шымкент қаласы ТЖД ресми өкілі Асқар Шәріп.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: