Жексенбі, 22 желтоқсан, 07:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Тұрғындар қуанышы

05.05.2021

4085 0

1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні Сыр елі үшін жағымды жаңалықпен есте қалды. Мереке қарсаңында Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев баспанасы апатты жағдайда тұрған 20 қызылордалық отбасыға жаңа пәтердің кілтін табыстады. Шараға шаһар басшысымен қатар мемлекет және қоғам қайраткерлері Бақберген Досманбетов, Қожахмет Баймаханов қатысып, тұрғындар қуанышына ортақтасты.

Тұрғындар қуанышы

Қала әкімі пәтер иелерін Қазақстан халқының бірлігі мерекесі және жаңа қоныстарымен құттықтап, қаланың құрылыс қарқынына баға бере кетті. Шаһар басшысы биыл облыс орталығында 1500-ге жуық тұрғын баспаналы болатынын жеткізді.

– Жалпы Қызылорда қаласы бойынша 24 810 азамат үй кезегінде тұрса, оның ішінде баспанасы апатты жағдайда тұрған 234 отбасы бар. Биыл 121 отбасыны тұрғын үймен қамтуды жоспарлап отырмыз. Қалған 113 жанұя келер жылы қоныс тойын тойлайтын болады. Осылайша апатты үйдегі  кезекте тұрған азаматтардың мәселесі екі жыл көлемінде толық шешіледі, – деді Ғанибек Қонысбекұлы.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Сырдария өзенінің сол жағалауында арендалық 680 пәтерлік 14 тұрғын үй және жеке инвестордың өз қаражаты есебінен салынып жатқан 38 пәтерлік 1 үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Сонымен қатар өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында құрылысы басталған СПМК-70 мөлтек ауданындағы 640 пәтерлік 13 тұрғын үй де пайдалануға берілетін болады.

– Өзім көп балалы анамын. 2019 жылы үй кезегіне тіркеліп, екі жылда жаңа баспанаға ие болдым. Бүгін, міне, біз үшін қос мереке қатар келіп, үлкен қуанышқа кенеліп отырмыз, – деді мереке қарсаңында жаңа пәтір иесі атанған Ақтолғай Өтегенова.

Жаңа қонысқа ие болған Вилия Шернюте болса бүгінгі қуанышына себепші болған қала басшылығы мен Сыр құрлысшыларына өзінің алғаусыз алғысын айтып, бараша қазақстандықтарды бүгінгі мерекемен құттықтады.

Жиын соңында баспаналы болған тұрғындарға Қызылорда қаласының құрметті азаматы Бақберген Досманбетов бата беріп, қоныс иелері қала әкімімен бірге «Табиғат – менің өз үйім» атты экологиялық акциясы аясында тал көшеттерін отырғызды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: