Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 02:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Тұрғындарды толғандырған мәселелер биыл шешімін табады

12.01.2023

888 0

Соңғы жылдары тұрғындар арасында жиі көтеріліп жүрген мәселелердің бірі – көпірлер құрылысы.
Биыл бұл бағытта да ауқымды жобалар жүзеге асатын болады.
Атап айтқанда,

  • Ғ. Мұратбаев және Яссауи көшелерінің қиылысындағы теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі құрылысына Ұлттық қор және облыстық бюджеттен 320,6 млн теңге;
  • Жанқожа батыр көшесі арқылы өтетін темір жол өтпесін салуға жоба сметалық құжаттамасын сараптама қорытындысымен әзірлеуге облыстық бюджеттен 51,2 млн.теңге бөлінді.

Ал, өткен жылы басталған көпірлер құрылысын аяқтауға, яғни, Қызылжарма каналы арқылы «Бәйтерек» ықшам ауданына көлік пен жаяу жүргіншілерге арналған және Белкөл кентіндегі теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірлерінің құрылысын аяқтауға Ұлттық қор мен облыстық бюджеттен 476 млн. теңге қаралды.

Абаттандыру жұмыстар сол жағалаудағы Абылай хан даңғылында да жалғасын табады. Бұл жобаға облыстық бюджеттен 595,2 млн теңге бөлінді.

Аса маңызды саналатын қаладағы ауыз су және кәріз су желілерін жаңғыртуға, автоматтандыруға, инженерлік инфрақұрылымды жүргізуге республикалық және облыстық бюджеттерден барлығы 3 791,1 млн. теңге бөлінді.

  • Қызылорда қаласындағы кәріздік сорғы станцияларын қайта құру және жаңғыртуға республикалық және облыстық бюджеттерден барлығы 1 млрд. 593,0 млн. теңге;
  • Модульді биологиялық тазарту станциясын жаңарту және автоматтандыруға, электр және газбен жабдықтауға республикалық және облыстық бюджеттерден 1 млрд. 634,1 млн. теңге;
  • №13 «Гагарин» кәріз сорғы станциясын реконструкциялауға республикалық және облыстық бюджеттерден 255,0 млн. теңге;
  • «Универсам», «Шымбай» аумағында ауыз су құбыры және кәріз желілерін реконструкциялауға республикалық және облыстық бюджеттерден 309,0 млн. теңге бөлінді.
    Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерді де жаңғырту жұмыстары жалғасын табатын болады. Нақты айтқанда,
  • 12 көпқабатты тұрғын үйді Республикалық кредит есебінен бөлінетін 773,8 млн.теңгеге қайта жаңғыртуды жоспарлап отырмыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: