Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 20:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Туған күніңмен, Қызылорданың бас газеті!

15.04.2021

4947 0

Бүгін – Қызылорда қаласының төл басылымы, Сыр еліндегі бас шаһардың бас газеті саналатын «Ақмешіт апталығы» жарыққа шыққан күн.  Сонау 1994 жылдың 15 сәуірінен бері жарық көріп келе жатқан «Ақмешіт апталығы» бүгінде қалалық статусы бар Қызылордадағы жалғыз газет.  

Туған күніңмен, Қызылорданың бас газеті!

 Газет негізін қалаған Әділхан Бәймен мен басылым жүгін басшымен бірдей көтерген Аманжол Сақыпұлы «Ақмешіт апталығының» келешегіне сенді. Бір кездері мемлекеттік тілдің туын көтерген басылым қаламгерлері елдің жасампаз істерге толы шежіресін жазу жолында үнемі ізденіс үстінде жүрді.

Туған күніңмен, Қызылорданың бас газеті!

Әсіресе аймақтың тыныс-тіршілігін, халықтың әлеуметтік жағдайын, жеткен жетістігі мен еңбек адамын насихаттау журналистер атқарған толассыз істердің қатарында екенін айта кеткен жөн.

Туған күніңмен, Қызылорданың бас газеті!

Отыз жылға жуық тарихы бар газетті Нұрлан Көбегенұлы, Нұржан Нұрмағанбетов, Нағымжан Сауияев, Мұрат Жетпісбаев, Кенжалы Ерімбетов, Дүйсенбек Аяшұлы, Әділжан Үмбет, Қаныбек Әбдуов сынды елге белгілі қалам иелері басқарды. Сонымен қатар А.Жанаев, Қ.Әшірбекұлы, Ш.Дәрмағанбетов, А.Сәдібекұлы, К.Бердәулетов, А.Келімбетов, Н.Елтай, С.Боқанов, Ә.Жақыпов, Ш.Серікбаев, И.Сейтов, Ш.Маханбетовтей шығармашылық өкілдерінің де осы газетте қаламының табы жатыр. Суретші Қайырбай Зәкіровтің, фото-тілші Болат Омарәлиевтің, ақын Әділ Ботпановтың және Айнұр Тұңғышбаева, Алтынай Молдажанова, Гауһар Қожахметова, Нұрбек Дәуренбеков, Ерқанат Сәрсенбаев, Кенжетай Қайрақбаев, Мәди Құрманәлі секілді журналистердің қалалық газетте ізі қалғанын айта кеткен жөн.

Туған күніңмен, Қызылорданың бас газеті!

Облыстық және аудандық басылымдардың басын біріктірген «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қосылғалы бері газет мүмкіндіктері артып, жаңаша форматпен шыға бастады. Редакцияның материалдық-техникалық жарақтандырылуы заманауи сипат алды.

Туған күніңмен, Қызылорданың бас газеті!

Кез келген өңір үшін ақпараттық жүйенің бәсекеге қабілеттілігі айрықша басымдық алып, газеттің баспа нұсқасымен бірге электрондық жүйесін қатар дамыту талабы қойылып отыр. Газеттің электронды нұсқасы әзірленіп, бүгінде әлемнің қай түкпірінен оқимын деген адам болса да мүмкіндік бар. Газет сайтына жергілікті жаңалықтармен қатар әлемде болған оқиғалардың ақпараттары беріліп отыр.       

Туған күніңмен, Қызылорданың бас газеті!

    Бұл жағынан алғанда «Ақмешіт апталығын» тек Қызылорданың айнасы ғана емес, сонымен қатар жаһан жаңалықтарының жаршысы болып келе жатқанын атап өтуге болады.

Туған күніңмен, Қызылорданың бас газеті!

Қалалық газеттің бүгінгі тізгіншісі ретінде хал-қадірімізше аға буын қаламгерлердің ізін жалғап, «Ақмешіт апталығын» Қызылорданың тыныс-тіршілігін бейнелейтін, өлке тарихын шежірелеп, халықтың үні іспетті басылым болуы үшін еңбектенетінімізді айтқым келеді.

Туған күніңмен, Қызылорданың бас газеті!

«Ақмешіт апталығының» ардагерлері мен бүгінгі қызметкерлерін және де осы газетте қаламының ізі қалған барша шығармашылық өкілдерін басылымның туған күнімен құттықтаймын.

Туған күніңмен, Қызылорданың бас газеті!

Ең бастысы, алар асу мен шығар шың биік болсын!!!

Туған күніңмен, Қызылорданың бас газеті!!!

Туған күніңмен, Қызылорданың бас газеті!

Әзиз ЖҰМАДІЛДӘҰЛЫ,

газеттің бас редакторы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: