Сенбі, 21 желтоқсан, 22:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Үшжақты комиссия отырысы өтті

17.02.2023

712 0

Бүгін қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейіловтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссия отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібінде екі мәселе, яғни қала кәсіпорындарында еңбек қатынастарының жағдайы және Қызылорда қаласының әкімдігі, Қызылорда облыстық жұмыс берушілердің бірлестіктері мен Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған қалалық келісімді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылы атқарылған жұмыстар туралы қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – еңбек қатынастарының жағдайы бойынша ШЖҚ «Су жүйесі» МКК мекемесі басшысының орынбасары Нұрлан Утепов хабарлама жасап, мекемедегі жалақының ең төмен мөлшерiн 70000 теңгеге өзгерту мүмкіндігінің шектеулігінен, уәкілетті орган бекіткен тарифті оның қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту жағдайын қарастыруға және тарифке және тарифтік сметаға толықтырулар енгізу бағытында ұсыныс білдірді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе – 2021-2023 жылдарға арналған қалалық келісімді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2022 жылы атқарылған жұмыстар бойынша қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Кенжегүл Құрақбаева хабарлама жасады.

Өз баяндамасында қала кәсіпорындары мен мекемелердегі еңбек қатынастарының жағдайы, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар санының 50% азаюына және одан да көп төмендеуі, жалақы қарыздары, қызметкерлерді жұмыстан босату, әлеуметтік-еңбек ахуалының тұрақтылығын қамтамасыз ету, ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оларды шешуге жәрдемдесу бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

Жоғарыда қаралған мәселелер бойынша Жанмұрат Жақсымұратұлы қалалық келісімді іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспарының орындалуын тұрақты бақылауды және жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын сақтауы бойынша мекеме басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: