«Достық үйінде» «ВОЛОНТЕРЛІК – ӨМІР БЕЛЕСІ» атты облыстық волонтер жылының жабылу салтанаты өтті.Шараға жыл көлемінде волонтерлік қызметтің 7 негізгі бағыты бойынша жұмыстарды үйлестірген облыстық басқарма басшылары, «Облыстық волонтерлер фронт-офисінің» мүшелері мен Қызылорда қаласы және аудандардағы волонтерлер, волонтер топтары қатысты.
Шара барысында облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркін Әбішев қатысушыларды аймақта «Волонтер жылының» жабылу салтанатымен құттықтап, бірқатар волонтерлерді марапаттады.
Оның ішінде, «Жыл волонтері» облыстық сыйлығының «Birgemiz»: «Bilim» номинациясымен – Меңдібай Талғат Амангелдіұлы; «Birgemiz»: «Saýlyq» номинациясымен – Серәлі Нарбота Серәліұлы; «Birgemiz»: «Sabaqtastyq» номинациясымен – Бүркітбай Ақбаян Бахытқызы; «Birgemiz»: «Taza Alem» номинациясымен – Стаева Ақбота Ертайқызы; «Birgemiz»: «Asyl mura» номинациясымен – Әбдіржан Аружан Сәкенқызы; «Birgemiz»: «Qamqor» номинациясымен – Омарова Рауан Базарбайқызы; «Birgemiz»: «Úmіt» номинациясымен – Сауапова Салтанат Бақытжанқызы марапатталды.Сондай-ақ, Намурадин Айсана Қанатқызы, Баджанова Динара Мұратбекқызы және Дүйсенбаева Зарина Дүйсенбекқызы «Волонтерлік қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясының иегері атанды.
Мұнан бөлек, халық игілігіне қызмет етіп, Сыр өңірінің әлеуметтік дамуына қосқан үлесі үшін 10 волонтерге облыс әкімінің Алғысы табысталды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!