Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 23:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Учаскелік полицейлер
323 азық-түлік дүкен иелерін әкімшілік жауапқа тартты

05.10.2022

572 0

Қызылорда қаласының Полиция басқармасымен мас күйінде жасалатын қылмыстардың алдын алу, жолын кесу бағытында профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.

Жыл басынан мас күйінде жасалған 76 қылмыс тіркелсе, оның 25 дерегі түнгі мезгілде спирттік ішімдік ішіп, масаң күйде жасалған.

Мас күйінде жасалатын қылмыстардың алдын алудың бірден бір жолы түннің екінші жартысында спирт өнімдерін сатқан дүкен иелеріне Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тарту болып табылады.

Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200-бабының 1,2,3-бөлігінде «Мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда, сондай-ақ жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінде, жолаушылар тасымалдайтын теңіз көлігі кемелерінде, жолаушылар пойыздарының вагон-мейрамханаларында өткiзудi қоспағанда, алкоголь өнiмiн:

  • сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн;
  • этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзуге» тыйым салынған.

Жыл басынан 323 азық-түлік дүкен сатушыларына әкімшілік хаттама толтырылып, сот қаулысымен 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Құрметті қала тұрғындары мен кәсіпкерлер, түнгі мезгілде және заңнамада көзделген уақыттан тыс алкоголь өнімін өткізбеуді ескерте отырып, анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатыныңыз туралы Қызылорда қаласының Полиция бөлімі ескертеді!

Қызылорда қаласы ПБ баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: