Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес құрылған арнайы комиссия қала аумағында рұқсатсыз салынған құрылыс нысандарын анықтап, заң аясында тиісті шаралар қабылдауда.
Осыған орай «Нұрмағанбет» кафесінің заңсыз салынғандығы анықталып, облыстық мемлекеттік сәулет және қала құрылысы басқармасына хат жолданды.
Зерделеу нәтижесінде қала орталығындағы «Сохо» мейрамханасының екінші қабаты, яғни террасасының заңсыз салынғаны белгілі болды. Кәсіпкер тиісті талаптарды сақтамай, рұқсатсыз ғимаратын кеңейткен. Мейрамхана басшылығына ескерту беріліп, шаралар қабылдау үшін тиісті орындарға хабарлама берілді.
Ал, «Loft» мейрамханасының иесі жанындағы «Veranda» көше кафесін салу үшін құрылыс тұрмақ, жердің де құжатын рәсімдемеген. Кәсіпкерге Заңға сәйкес тиісті шаралар көрілді.
Құрылған комиссия бұл бағыттағы жұмыстарды күнделікті жүргізуде.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!