Дүйсенбі, 13 қаңтар, 21:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№2-2115
11.01.2025
PDF мұрағаты

Заңсыз жарнамаға орын жоқ

13.01.2025

64 0

Қызылорда қаласының әкімдігі

Қала аумағында заңсыз орналастырылған және шаһардың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізетін сыртқы көрнекі жарнамаларға бақылау жұмыстары жүргізілуде.

Мониторинг барысында қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары бірқатар заңсыз ілінген жарнамалық баннерлерді анықтап, кәсіп иелеріне тиісті ескерту беруде. Сонымен қатар, қаланың көркін бұзып тұрған жыртылған, ескірген және заңсыз ілінген ақпараттық тақтайшалар да алынып тасталынды.

Айта кету керек, «Жарнама туралы» ҚР 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңының талаптарында сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін жергілікті атқарушы органдардан белгілі бір мерзімге рұқсат алуы көзделген.

Қала әкімдігі тарапынан бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті жүргізіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: