Бейсенбі, 11 қыркүйек, 11:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№68, 2181
09.09.2025
PDF мұрағаты

Заңсыз жарнамаға жол жоқ

11.09.2025

55 0

Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, заңсыз орнатылған жарнама объектілерін алдын алуға және шаһардың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізетін сыртқы көрнекі нысандарға мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында талаптарға сәйкес келмейтін жарнамалық-ақпараттық объектіні орналастыру фактілері анықталды.

Айта кету керек, соңғы кездері жеке немесе заңды тұлғалар, оның ішінде кәсіпкерлер сыртқы жарнама ілудің заңдылықтарына қарамастан өз қалауларынша жарнамаларды іліп жұмыс жасауда. Олар жарнама конструкциясының тазалығына, эстетикалық және техникалық жай-күйіне мән бермегеннен бөлек, жарнамалық-ақпараттық нысан орналастырғаны үшін мемлекеттік кірістер департаментіне салық төлемеуде. Бөлім мамандар заңсыз жарнама орналастыруға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ал ескерту берілгенімен одан нәтиже шығармаған хабарлама иелерінің жарнама нысандары талапқа сай алынып тасталды. Бұл бағыттағы рейдтік жұмыстар ұдайы жүргізіледі.

Заңсыз жарнамаға жол жоқ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: