Сәрсенбі, 12 ақпан, 11:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№11,2124
11.02.2025
PDF мұрағаты

Жағалау жанға сая болсын

15.07.2024

384 0

Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза жағалау» экологиялық іс-шарасы өтті.

Акция демалыс орындарының, жағажайлардың тазалығын сақтауды мақсат етеді. Қатысушылар ПМК-29, «Көксу» демалыс орындарын қоқыстан тазартты. Одан бөлек сенбілікке барлық қала және аудан әкімдіктері, облыстық басқармалар, департаменттер мен инспекциялар жұмылдырылды.
Сенбілікке 10 мыңға жуық адам қатысып, 16 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 136,5 тонна қоқыс шығарылды. Орталық полигонға шығарылған қоқыс көлесі 250 текше метрге жетті.

Ботакөз СЕЙІЛ,
Қызылорда облысы бойынша

экология департаментінің баспасөз хатшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: