Жексенбі, 22 желтоқсан, 22:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жалағаш ауданында демеушілер есебінен 14 жоба жүзеге асырылуда

29.07.2023

616 0

Биыл Жалағаш ауданында демеушілер есебінен жалпы құны 502,2 млн.теңгені құрайтын 14 жоба іске асырылуда. Атап айтар болсақ, «Таң LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен 59,0 млн.теңгеге Таң елді мекенінің ішкі көшелері жарықтандырылып, 200,0 млн.теңгеге спорт кешені және 80 млн.теңгеге тағзым алаңының құрылысы жүргізілуде. Одан бөлек, Еңбек ауылдық округіндегі «Еңбек Жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен жалпы құны 30,0 млн.теңгені құрайтын спорттық ойын және шағын футбол алаңының құрылысы аяқталып, ел игілігі үшін пайдалануға берілді. Бұқарбай батыр ауылдық округінде де биылғы жылы «Мелиоратор» серіктестігінің демеушілігімен жалпы құны 25,0 млн.теңгені құрайтын балалар ойын алаңы мен спорт алаңының құрылысы жүргізілуде. Осы ауылдағы «Жаңару» фермерлік қожалығының есебінен 2,0 млн.теңгеге 1 көшесіне тас төселді.
Аққыр елді мекенінде «Аманқұрылыс» серіктестігінің демеушілігімен балалар ойын алаңының құрылысы жүргізілді. Бұл туралы Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжанов мәлімдеді.

– Ел ішінде ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға белсене араласып, көмек қолын созуға дайын тұрған демеушілер аз емес. Мәселен, Жалағаш кентіндегі Абай, Сәрке батыр тұйығы Өмірбай шешен көшелеріне «Қызылорда жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта Дәуімбай учаскесіндегі Қ.Сәтпаев көшесіне де тас төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.Сонымен қатар, «КЕЛМОСС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен Жалағаш кентіндегі 10 көшенің жарықтандыру жұмыстарына жоба-сметалық құжаттар әзірлеу және де Желтоқсан көшесіндегі №3 мекен-жайдағы әкімшілік ғимараттың шатырын 9,7 млн.теңгеге жөндеу жұмыстары «Қызылорда жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен іске асырылатын болады. Мұнан өзге, Жалағаш кентіндегі темір жол асты өткелінен бастап №202 орта мектепке дейін жаяу жүргіншілер жолының құрылысына «Димаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігі есебінен ағымдағы жылдың тамыз айында ЖСҚ әзірлеу басталатын болады,-деді аудан әкімі Асқарбек Темірбекұлы.

Бұдан бөлек, жеке кәсіпкер Досымов Қайраттың демеушілігімен Дәуімбай елді мекенінде 120 орындық жаңа мешіт құрылысы бой түзеуде.

@Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: