Дүйсенбі, 28 шiлде, 21:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№55, 2168
26.07.2025
PDF мұрағаты

Жаңа жол құрылысы бақылауда

28.07.2025

91 0

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, «AMANAT» партиясының мүшелері Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов, партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов және қала әкімі Нұржан Ахатов бірқатар нысандарды аралап, құрылыс жұмыстарының барысын тексерді.

Өздеріңізге белгілі, Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылы Сұлтан Бейбарыс көшесінен Әбілқайыр хан көшесіне дейін кеңейтіліп, қайта жаңғыртудан өткен болатын. Осы ауқымды жобаның жалғасы Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының келесі кезеңі ретінде Әбілқайыр хан көшесінен Саламатов көшесіне дейінгі аралықта жаңа жол құрылысы жүргізілуде. Жоба аясында Сырдария өзенінің жиегіндегі қорғаныс бөгетін нығайту, 4 жолақты автомобиль жолының құрылысы мен ені 3 метр болатын жаяу жүргіншілер жолы қарастырылған.

Сенаторлар жобаның әлеуметтік маңыздылығын атап өтіп, жауапты өкілдерге сапа мен мерзімді қатаң сақтау қажеттігін жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: