Жұма, 30 мамыр, 12:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39,2152
27.05.2025
PDF мұрағаты

Жаңа жылу- электр орталығының құрылысы қарқынды жүруде

29.05.2025

178 0

Оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында қолға алынған ауқымды жоба – Қызылорда қаласынан 240 МВт электр энергиясы мен 277 Гкал жылу энергиясын өндіретін жаңа жылу-электр орталығын салу. Құны 215 млрд теңге болатын құрылысты Түркияның «Aksa Energy» компаниясы жүргізуде.

Бүгінде орталық құрылысына 137 млрд теңгеден астам инвестиция салынды.Жоба аясында қуатылығы 180 МВт болатын 2 газ-турбина қондырғысы (General Electric, АҚШ), 95 МВт-тық бу турбинасы (Doosan Skoda, Чехия), 2 бу қазандығы (AC BOILERS, Италия) мен 4 жылу қазандығы (Mimsan, Түркия) қойылады. Қазіргі кезде негізгі қондырғылар жеткізіліп, орнатылуда. Құрылыс жұмыстарының 70%-ға жуығы аяқталды.

Президент тапсырмасымен Қызылорда облысында салынатын, құны 800 млрд теңге, қуаттылығы 1100 МВт болатын бу-газ қондырғыларының құрылысы – оңтүстік өңірлердің энергетикалық тәуелсіздігіне бағытталған мегажоба. «Самұрық Энерго» компаниясы Катар инвесторымен келіссөз жүргізіп, техникалық-экономикалық негіздемесін әзірледі. Жаңа бу-газ қондырғыларын салу үшін облыс әкімдігі 280 гектар жер телімін бөлді. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өте маңызды жобаны 2028 жылы іске қосу жоспарланған.Оңтүстік өңірлерге табиғи газ тарту мақсатында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының екінші желісін салу көзделген. Ұзындығы 1500 шақырым болатын газ желісінің 843 шақырымы Қызылорда облысының аумағынан өтеді деген болжам бар.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: