Жексенбі, 22 желтоқсан, 17:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жаңарған арбат, көркейген көше

10.03.2021

5666 0

Қызылорда қа­­ла­сының келбе­ті ажарла­нып, атқа­рылған жұмыстар ауқымды. Оған бұ­ған дейінгі – Ыбырай Жақаев көше­сінен бас­талатын арбат бойында жү­ріп жат­қан құрылыс жұ­­мыс­тарын дәлел етуге бо­лады. Бүгінде мұнда қызу тір­лік жүруде. Алдағы уақытта жаңа арбатқа 3 субұрқақ салынып, 18 кіші архи­тектуралық форма орнатылады. Бұл туралы қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, авто­мобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Біржан Далабаев шаһардағы абаттандырылып жатқан нысандарды аралау барысында айтты.

Жаңарған арбат, көркейген көше

Ы.Жақаев көшесін жаңғырту өткен жылдың аяғында басталды. Қазір кеспе тас төсеу жұмыстары жүруде. Сондай-ақ арбат бойында қаланың сәнін ашып, тұрғындарға қолайлы демалыс орнын қалыптастыру мақсатында субұрқақтар салынатын болады. Сонымен бірге сәнді архитектуралық формалар, жаңа орындықтар, жаңарған түнгі жарықшамдар орнатылады.

– Мұндағы жұмыстар мамыр айында аяқталып, жаңарған арбатта ел емін-еркін серуендей алады. Алдағы уақытта орын­дықтар, түнгі жарық шамдары, қоқыс жәшіктері қойылады, – дейді қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы.

Одан әрі Әйтеке би көшесінлегі абат­тандыру жұмыстарымен танысқан Біржан Далабаев бұл көшенің жабыл­майтынын айтты.

– Әйтеке би көшесінде 5 мемлекеттік ме­кеме, 60-тан аса кәсіпкерлік нысан ор­наласқан. Көшені арбатқа айналдыру осы нысандардың жұмысына айтарлықтай кедергі келтіреді. Қала орталығындағы күре жолдың бірін жабу көлік қозғалысын да қиындатпақ. Біз осы жағдайларды ескеріп, зерделей келе көшені арбатқа айналдырмауға шешім қабылдадық, – деді Біржан Далабаев.

Қазіргі таңда Әйтеке би көшесінің қос қапталы да жаңарған. Бұл жұмысқа 60 адам тартылыпты.

Келесі нысан Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадион болды. Облыстық бюджеттен қаржы қаралып, «Энергомонтажналадка» ЖШС стадион алдына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Алдағы уақытта стадион алдына үлкен субұрқақ салынбақ. Сонымен қатар орындықтар мен қоқыс жәшіктері, түнгі жарық шамдары орнатылмақ. Мердігер мекеме басшысы брусчатканы арнайы Алматыдан алдырып жатқанын, қыста суыққа төзімді, қар жауған жағдайда адамның аяғы таймайтынын айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: