Жұма, 21 наурыз, 08:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№20,2133
18.03.2025
PDF мұрағаты

Жаңару күніндегі дүбірлі той

20.03.2025

187 0

Фото: Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткен жылдан бері Наурыз мейрамын тойлау жаңаша сипат алып, Ұлыстың ұлы күні он күн бойы кең көлемде тойланып келеді. Наурызнама онкүндігі әр өңірде, аудан, ауылды қамтып, көктем мерекесі лайықты деңгейде өткізілуде.

«Жаңару күнінде» Ақсуат ауылдық округінде «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты Наурыз тойы аталды. Орталық алаң көзтартар көрініспен безендіріліп, көше бойлап ұлттық киімдер киген ауыл жастарының шеруі ұйымдастырылды. Қара жердің кемесі – түйе бастаған топты атқа қонған жастар жалғап, тамаша тартымды той түңлігін ашты. Ауылдық округтегі қауымдастық төрағасы Өмірсерік Әбуов жерлестерінің жетістіктерін жеткізіп, ризашылық лебізін білдірді.

Жаңару күніндегі дүбірлі той

Жалпыұлттық мейрамда концерттік бағдарлама бойынша театрландырылған көрініс қойылып, ән шырқалды. Көпшілікке Наурыз тойының түрлі тағамдары ұсынылды. Спорттық сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды. Арнайы әзірленген көрмеге келушілер қызығушылық танытты.

Жаңару күніндегі дүбірлі той

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: