Жұма, 22 қараша, 02:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Жас суретшілер байқауы

24.09.2022

1166 0

Қала күні мерекесіне орай балалар арасында «Қызылорда менің көзіммен» атты қалалық жас суретшілер байқауы өтті.

Байқауды ұйымдастырудың негізгі мақса­ты – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, олар­дың көркемдік-шығармашылық қабілетте­рін дамытумен қатар, туған қаламыздың сұлулығын, көшелердің көркемдігін көрсете білу және саябақтар мен ескерткіштерімізді дәріптеу болатын. Суретшілер байқауына қаладағы 55 мектептен 5-7 сынып оқитын оқушылар қатысты.

– Оқушылардың сурет сала білуі олардың бойындағы шығармашылық еркіндік пен белсенділікті қалыптастырады. Жас суретшілер өз қиялындағы қаланы, және көрікті жерлерді қылқалам арқылы суреттейтін болады. Оқушылардың туған жерге, қалаға деген сүйіспеншілігін білдіру мақсат етілген, – деді қалалық білім бөлімімінің әдіскері Нұржан Қуанышбай.

Байқауға қатысушылар қылқаламмен шебер­лігін шыңдап, шығармашылық шабытқа бөленді. Тақырыпқа сай суреттер салды. Екі сағатқа жуық сурет салған балалардың жұмыстарын оқушылар үйінің мамандары бағалады. Бағалау барысында олардың ой ұшқырлықтары және бейнелеуіне баса назар аударылды.

Сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды Ислам Сейсенбай, Жәния Сұлтанова, Інжу Ермекова, Саида Әбдірахманова, Айым Сартаева, Бибінұр Махмұд, Еңлік Еркінбек сынды оқушыларымыз иеленді. Ал ІІ орын иегері ретінде Камидо Яхиярқызы, Инабат Жұмаханова марапатталды. Қызылорданы өзінің көзімен суреттеуде талапқа сай сурет салғаны үшін І орынға №15 мектеп-лицейдің оқушысы Медина Дәуренбекова лайық деп танылды. Оларға қала әкімдігінің арнайы дипломдары табыс етілді.

– Сурет салуға 6 жастан бастап көңіл бөлдім. Әкем сурет салғанды жақсы көреді. Сурет салуды әкемнен үйрендім десе де болады. Менің де қызығушылығым ояна бастады. Сондықтан сурет үйірмесіне қатыстым. Қала күніне орай балалар арасында суретшілер байқауы болатынын естіп, қатысуға бел будым. Сайыс талабына сай қаланың көрікті жерлерін суретке салдым. Майлы бояумен боядым. Еңбегім бағаланып, бірінші орын алғаныма қуанып тұрмын, – дейді жас суретші Медина Дәуренбекова.

Шара соңында жас суретшілер қала әкімі орынбасарының алғыс хатымен марапатталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: