Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен «Азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 тамыздағы № 597 қаулысының іске асырылу барысы және Қазақстан Республикасының Президентінің 2023 жылғы 5 мамырда Астана қаласында өткен Бүкілармия кеңесінде берген нұсқаулар аясында әскери-патриоттық тәрбиені жетілдіру бойынша (бейнеконференция байланыс режимінде) кеңес өтті.
Сондай-ақ, генерал-лейтенант С. Камалетдинов республика көлемінде жасөспірімдер арасындағы әскери-патриоттық тәрбие бойынша жоғары нәтиже көрсеткен Қызылорда облысын ерекше атап өтіп, облыс әкімінің орынбасары Н. Сақтағановқа ҚР Қорғаныс министрінің алғыс хатын табыс етті.
Айта кету қажет, ағымдағы жылдың маусым айында Қарағанды облысында өткен IX Халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынында Қызылорда облысының «Сыр айбындары» құрама командасы жүлделі I орын иеленген болатын.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!