Қызылорда қаласында «Көктемгі демалыс» профилактикалық шарасы аясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі рейд жүргізілуде.
Әкімдік жанындағы мобильді топ пен полиция қызметкерлері компьютерлік клубтар, қоғамдық орындар және спорт алаңдарын аралап, жасөспірімдердің қауіпсіздігін бақылауда.
Сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз көшеде жүрген 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге заң талаптары түсіндіріліп, тиісті шара қолданылды. Мұндай рейдтер тұрақты түрде жалғасады.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!