Жексенбі, 29 желтоқсан, 06:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жастардың «Жастарға арналған несиеге» қызығушылығы жоғары

15.03.2023

982 0

Бүгін «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастарға жеңілдікпен несие берудің бағыттары мен шарттары, кәсіпкерлікті дамыту бойынша сала мамандарының қатысуымен жастарға семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингке Қызылорда қаласының жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Абылай Мирамбекұлы, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Халықты жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы Гаухар Әлсейтқызы және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қызылорда облыстық филиалы Несиелендіру бөлімінің басшысы Қуаныш Садақбаев қатысып, жастарға өз салалары бойынша кең көлемде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, шарада 5 жыл мерзімге кәсіпкерлік қызметті бастауға ниет білдірген немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21-35 жас аралығындағы жастарға жылдық мөлшерлемесі 2,5% болатын несие беру мәселесі талқыланып, жастар өз қызығушылығын танытты.

– Қазіргі таңда облыс бойынша жастарға 1,2 млрд теңге бюджеттік соманы құрайтын 5 жылға 2,5 пайызбен несие беру жұмыстары басталды. Бүгінгі күнге дейін 10-ға жуық азамат несие рәсімдесе, 40-қа жуық жас кәсіпкер несие жөнінде түрлі кеңестер алып, құжаттық мәселелерін шешуде. Бұл жерде жаңадан бастайтын кәсіптің ешқандай түріне шектеу жоқ. Тек мемлекеттік Заңға сәйкес талапқа сай емес кәсіп түрлеріне бұл несие берілмейді. Егер берілетін несие мақсатсыз пайдаланылған жағдайда және уақытында төленбесе алынған несие көлемінің 25 пайызы үстемеленіп, несиені қайта қайтару процесі жүретін болады, – деді «Аграрлық несие корпорациясының» маманы Қ.Садақбаев.

Сонымен қатар, жиында сөз алған халықты жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы Гаухар Әлсейтқызы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба жөнінде айта келіп, мемлекеттік қайтарымсыз грант мәселесіне тоқталды.

– Мемлекет тарапынан әлеуметтік осал топтарға жататын атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасылар, асыраушысынан айырылған, қоныс аударушылар мен қандастар, мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылар 400 АЕК-ке (1 380 000 тг) қайтарымсыз несиеге өтініш қалдырып, қазіргі таңда несие беру процесстері жүруде, – деді Г.Әлсейтқызы

Қызылорда қаласының жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Абылай Мирамбекұлы әлеуметтік жұмыс орындары, Жастар практикасы, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы, жұмыссыз ретінде қалай тіркелу керек секілді бірқатар жұмыссыз жастарға арналған әлеуметтік бағдарламалар мен жобалар туралы тарқатып айтты.

Мемлекет басшысы 2022 жылы 16 наурызда Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын жариялаған болатын. Жолдау жарияланған бір жыл ішінде еліміздің орнықты дамуы сатылап, ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алып, еліміз жаңаша бағытта қарқынды даму жолына түсті. Бұл жөнінде жиынға қатысушы жастар өз пікірлерімен бөлісіп, елдегі оң өзгерістерге жастардың көзқарасын білдірді. Жастар жиындарында талқылатын негізгі және өткір мәселелер, ауқымды жобалар мен шараларды ұйымдастыру мен оған жастарды тарту мәселелері сөз болған жиында мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттары талқыланып, реформалық өзгерістердегі жастардың рөлі кеңінен тарқатылды. Жиын соңында қатысушы жастар сала мамандарына өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қажетті жауаптар алды.

«Жастар ресурстық орталығының» баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: