12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай “Достық үйі” ғимаратының алдында ашық аспан астында жастарға арналған гала-концерт ұйымдастырылды. Шараға қатысқан Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет барша жастарды мерекемен құттықтап:
– Жастар – қашанда асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Қай елдің болмасын басты капиталы халқы десек, соның ішінде жастар – қоғамның жетекші күші ретінде елдің дамуы үшін жауапты екені сөзсіз», – деп атап өтті.
Кештің мәдени бағдарламасы көпшіліктің көңілінен шықты. Жастар Жарасхан Төлебай, DJ Jako, Axallek, Есқара сынды өнерпаздардың әуендерін тыңдап, мерекелік көңіл күйге бөленді.
Шараның жүргізушілері Әліби Басаров пен Нұрлан Сипанов жастармен интерактивті байланыс орнатып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Кештің басты хедлайнері – “6ELLUCCI” тобы жарқын шоу ұсынып, жастардың мерекелік қуанышын еселей түсті. Шара соңында DJ Jako-ның сүйемелдеуімен өткен би кеші мерекені ерекше қорытындылады.Мерекелік концерттің бір ерекшелігі өнер көрсеткен өнерпаздарымыздың барлығы жергілікті жастар және тұтас елге танымал болып үлгерген жас таланттар.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!