Газетіміздің 12 маусымдағы №46 санында «Егемен елдің «Егемен» көшесі: сусыз, жарықсыз, жолсыз» тақырыбында мақала жарық көрген болатын. Онда біз тұрғындардың өтініші бойынша КБИ шағын ауданындағы ауыз су, жарық пен жол жайын көтерген едік.
Бұл мәселеге байланысты қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Парасат Жаңабергеновтің атынан жауап хат келді. Онда биыл Егемен, Арасан, Ақбидай көшелерін қосатын бас жолға тас жол төсеу жұмыстары жүргізелітіні жазылған. Бұл жұмыстарды конкурс жеңімпазы атанған «АРТ Орда» ЖШС мердігер мекемесі жүргізбек. Олар өз жұмысын шілде айында бастауды жоспарлап отыр екен.
Одан бөлек қалалық құрылыс бөлімі тарапынан «Егемен» көшесін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін, яғни ауыз су мен электр желісін жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге жататын көше тізіміне алынғаны жазылған.
Бөлім бұл көшеге баса назар аударып, жұмыстардың жүйелі және дұрыс орындалуын өз қатаң бақылауына алады дегенге сенім мол.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!