Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 20:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жерасты суы тиімді пайдаланылмақ

13.02.2022

1447 0

Дария деңгейінің төмендігі мен жауын-шашынның аз түсуі облыс орталығына да оңай болмай тұр. Күрделі ахуалға байланысты барлық мүмкіндіктерді қарастырып, суландырудың тың жолдарын ойластыру қажет.

Қиыншылық кезеңінде Ғанибек Қазантаев облыс орталығын аяқ сумен қамту үшін жерасты суын пайдалану керектігін айтты. Осыған орай ұңғыма қазу жоспарға енгізілді. Өткен жылы қолға алынған бастама сәтті жүзеге асып, сол жағалау аумағынан 2 жер асты су ұңғымасы қазылды. Бұл ұңғымалар арқылы көпқабатты үй аулаларындағы жасыл-желекке тіршілік көзі барады. Қазір мердігер мекеме міндеттелген жұмысын аяқтау сатысында.

Жан-жақты зерделеу жұмыстары қалаға дәл осы секілді 26 ұңғыма қазу қажеттілігін көрсетті. Мәселеге орай, шаһар басшысы шұғыл шешім қабылдады. Жауапты бөлімге қосымша ұңғымаларды қазу үшін, тиісті құжаттарды әзірлеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Бұл ұңғымалар аяқ суды аса қажет ететін аумақтарға орнатылатын болады. Алдағы күндері су жүретін жолдар аршылып, кешенді шаралар жүзеге асырылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: