Жұма, 22 қараша, 13:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Жол жөндеу жалғаса ма?

11.11.2020

1272 0

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің ұйымдастыруымен баспасөз туры болып өтті.

Бөлім басшысы Біржан Далабаев бастаған жетекші топ алдымен әл-Фараби тұрғын үй ауданында жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарын көрді. Негізі жол жөндеу жұмыстары алдымен жер тегістелуімен басталады. Біз аялдаған алғашқы нысан – Көктем көшесі деп аталады. Мұнда ұзындығы 2 шақырым болатын көшеге асфальт төсеуге дайындық жүргізілуде. Жұмыстың негізгі бағытында Самала көшесінен сол маңдағы су каналына дейін орташа жөндеу жұмыстары қаралған.

Жол жөндеу жалғаса ма?

Мердігер мекеме құрылыс саласында көп жылғы тәжірибесі бар «Қызылорда жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Ал құрылыс сапасының техникалық қадағалаушысы «Қызылорда НұрСтрой» Инжиниринг» ЖШС.

– Осы көшенің 2000 жылдан бергі тұрғынымын. Сол уақыттан бері жөндеу көрмеген. Көктем, күз айларында батпақтан адам түгілі, техниканың жүруі мұң болатын. Енді міне қала әкімдігінің бастамасымен жөнделіп жатыр. Біз дән ризамыз, – дейді Мұхтар Қалекеев есімді тұрғын.

Жол жөндеу жалғаса ма?

Келесі көше сол маңдағы Әшірбеков көшесі болды. Біз барған сәтте топырақ, тас төсеу жұмысы толыққанды аяқталып, бітуге таяу. Екі техника көшенің басына дейін тегістеп су сеуіп жатыр. Сол маңдағы тұрғынның бірі Бердияр Мыңбаев тұрғындар атынан алғаусыз алғысын айтып, жылы лебізін жеткізді.

Әшірбеков көшесінен әл-Фараби көшесіне дейін орташа жөндеу жүргізілуде. Мұндағы құрылыс жұмыстарын «РБ-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесі жүргізуде. Оның техникалық қадағалаушысы «Қызылорда НұрСтрой» Инжиниринг» ЖШС.

Арай шағын ауданындағы көшелерге де асфальт төсеу жұмысы жүруде. Мердігер мекеме «Ақнұр-Авто» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бұл жолдың да техникалық қадағалаушысы «Қызылорда НұрСтрой» Инжиниринг» ЖШС. Ұзындығы 38 шақырым болатын көшеге сапалы жұмыс жүргізіліп жатқанын көріп көпшіліктің көңіліне қуаныш ұялауда.

– Ағымдағы жылы қала бойынша 200-ден астам көшелерге жол жөндеу жұмыстары және 68 көшенің жаяу жүргіншілер жолдарына жөндеу жұмыстары жоспарланып, жүйелі жүргізілуде. Мұның бәрі «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылуда. Жол жөндеу жұмысы қала тұрғындарының өтінішіне сәйкес жүзеге асуда. Келер жылы да жол жөндеу жұмысы жалғасатын болады. Қазірден соның жобалары жасалуда, – дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Біржан Далабаев.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

Суреттерді түсірген Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: