Дүйсенбі, 22 қыркүйек, 11:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№71, 2184
19.09.2025
PDF мұрағаты

Жолдауды жүзеге асыру мәселелеріне арналған қалалық жиын өтті

21.09.2025

46 0

Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру мәселелеріне арналған жиын өтті. Оған қалалық мәслихат төрағасы, депутаттар, ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйым, бұқаралық ақпарат құралдары, зиялы қауым өкілдері және жастар қатысты.

Жиында қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев Жолдаудан туындайтын айқын міндеттерді жүзеге асыру жолындағы ортақ іске жұмылуға, ауызбіршілікпен жұмыс жасауға шақырды.Жолдауда көтерілген негізгі бағыттар туралы қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев, инвестиция тарту, кәсіпкерлік көкжиегін кеңейту, осы саладағы негізгі міндеттер жайында Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов, әлеуметтік қолдаулар бағытында қалалық мәслихат депутаты, Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы облыстық Аналар Кеңесінің төрағасы Айгүл Мұсабаева, цифрландыру, жасанды интеллект бағытындағы жұмыстар туралы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институтының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Нұрлан Құлмырзаев, жастарға көрсетіліп жатқан қолдаулар жөнінде қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Медет Жорабек баяндама жасады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: