Бейсенбі, 31 шiлде, 03:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 56, 2169
29.07.2025
PDF мұрағаты

«Жұмысшы мамандықтарды насихаттау» жобасы  –  жастарға нақты кәсіптің маңызын көрсетуде

30.07.2025

84 0

Қалалық жастар ресурстық орталығының және «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Jastar X» алаңы Qyzylorda Vorota дәнекерлеу цехінде жалғасын тапты.

Шара барысында дәнекерлеу цехінің маманы, тәжірибелі дәнекерлеуші Әділет Болатбекұлы жастармен ашық сұхбат құрып, өзінің еңбек жолы мен мамандықтың ерекшеліктері туралы кеңінен бөлісті.

Сондай-ақ жастарды дәнекерлеу ісінің қыр-сырымен таныстырып, осы салада тәжірибе жинақтауға және тұрақты түрде еңбек етуге шақырды.

Бұл кездесу жұмысшы мамандықтарының маңызын арттырып, жастарды нақты кәсіпке баулуға бағытталған іс-шараның жарқын үлгісі болды.

Алдағы уақытта аталған әлеуметтік жоба аясында өзге де жұмысшы мамандықтарын насихаттау жұмыстары жалғасын табады. Бұл – жастарды еңбекке баулу мен болашақ кәсібін дұрыс таңдауға бағытталған маңызды қадам!

«Жұмысшы мамандықтарды насихаттау» жобасы  –  жастарға нақты кәсіптің маңызын көрсетуде

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: