Жұма, 27 желтоқсан, 05:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жуырда жаңа модульді жұқпалы аурулар ауруханасы пайдалануға беріледі

02.08.2021

1395 0

Қала әкімі Ғанибек Қазантаев пен облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов аймақ орталығындағы бірнеше медициналық мекемелерге барып, дәрігерлермен кездесті. Медицина қызметкерлерімен тілдескен шаһар басшысы емдеу мекемелеріндегі бірнеше мәселені назарға алды.

Жуырда жаңа модульді жұқпалы аурулар ауруханасы пайдалануға беріледі

Алдымен шаһар басшысы көпбейінді облыстық ауруханаға барды. Мұнда қала тұрғындарына қажеттілік туындаған аурухана жанындағы                   7650 шаршы метрді құрайтын автотұраққа күрделі жөндеу жұмыстары жүруде. Бүгінде тегістеу жұмыстары басталып, тас төселіп, асфальт жабындысын жаюға жұмыстар жүргізілуде.

ШаҺар басшысы одан кейін  көпбейінді қалалық ауруханаға барып, медицина саласындағы мәселелерге назар салды. Мәселен қалалық аурухананының бас дәрігері Бауыржан Төлегенұлы  қазіргі таңда 220 науқас емделуде, кислородты баллондар жеткілікті, яғни аурухана толық 100% жұмыс жасап тұрғанын айтты. Алайда ауруханаға сырттан  мамандар шақыру үшін баспана мәселесі туындап отырғанын жеткізді. Өз кезегінде бұл мәселені қала әкімі назарға алатын болды.

Айта кетейік, вируспен күресте аймағымыздың ерікті тұрғындары екпе салудан белсенділік танытып, қауіпті кеселден арылуға үлкен септігін тигізіп келеді.

Жуырда жаңа модульді жұқпалы аурулар ауруханасы пайдалануға беріледі

Одан әрі облыстық мәслихат хатшысы мен қала әкімі облыс орталығындағы 200 орындық модульді жұқпалы аурулар ауруханасына барды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов: «Жаңадан салынған жұқпалы аурулар ауруханасының бүгінде құжаттарын рәсімдеу жұмыстары аяқталған. Енді лицензиясын алып, бір апта көлемінде модульді жұқпалы аурулар ауруханасы өз жұмысын бастайтын болады»,-деді.

– Заманауи үлгіде салынған ғимаратта науқастарды емдеу үшін барлық жағдай жасалған. Қазіргі кезде эпидемиологиялық ахуалдың ушығып тұрған шағында ендігі кезекте ғимаратты газге қосып, коммуналдық мәселелерін қолға алып, барлығымыз бірлесіп айналасын абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, апта көлемінде жаңа модульді жұқпалы аурулар ауруханасының ашылуына жұмыс жасаймыз, – деді қала әкімі Ғанибек Қазантаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: