Бейсенбі, 03 шiлде, 17:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48,2161
01.07.2025
PDF мұрағаты

Жылу электр орталығы құрылысы Сыр елі үшін үлкен серпін

03.07.2025

49 0

 ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Абенов партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмхановпен бірге жаңа жылу орталығының құрылыс жұмыстарымен танысты.

Соңғы жылдары елімізде жылу орталықтарынан туындайтын ақаулар жиі анықталуда. Тұрғын санының өсуі, қаланың кеңеюі үшін заманауи, қуатты жылу орталығының қажеттілігі анық сезілетін. Сондықтан, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Қызылорда қаласында қуатылығы 240 МВт электрэнергиясы мен 277 Гкал жылу энергиясын құрайтын жаңа жылу электр орталығы құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Жобаның жалпы құны – 215 млрд.теңгені құрайды. Жылу электр орталығы толығымен «Aksa Energy» түрік компаниясының инвеситициялық қаражаты негізінде салынуда. Жоба аясында қуатылығы 180 МВт-тық 2 дана газ турбиналық қондырғылары, 95 МВт-тық бу турбинасы, қуаттылығы 120 тн/сағ құрайтын 2 бу қазандығы мен 150 Гкал/сағ құрайтын 4 жылу қазандығы салынатын болады. Жаңа жылу электр орталығының құрылысы аясында 220 кВ әуе желісін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Айта кету керек, Мемлекет басшысының тапсырмасымен, аймақ басшысының үйлестіруімен қолға алынған жоба аясында заманауи, шетелдік маркалы компаниялардың озық технологиялары қолданылуда. Сондай-ақ, өңірде Президенттің Катар еліне жұмыс сапары аясындағы үкіметаралық келісімге сәйкес, қуаттылығы 1100 МВт, құны 892 млрд теңге болатын бу-газ қондырғысын салу келісілді. Бұл мегажоба 2028 жылы толығымен іске қосылмақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: