Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жылыту маусымы басталды

10.10.2021

1268 0

Алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары қала және аудандарда қарқынды түрде жүргізілуде.Қазіргі таңда қаладағы жылу желілері сумен толтырылып, жоғарғы қысыммен сынақтан сәтті өткізілді.Облыста жылу беру уақыты 10 қазан күні өз жұмысын бастайды.Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов мәлімдеді.

«Сонымен қатар, жылу маусымын үздіксіз және сапалы өткізу мақсатында «Қызылордажылуэлектрорталығы» кәсіпорынның №9 қазандығын, №3 турбогенератордың бөлшектері мен құбырларын ауыстыру, және Оңтүстік қазандықтағы №7 ВОNО SG қазандығын жөндеуге 299,7 млн теңге бөлініп тиісті жұмыстар атқарылды. Аудан және қала әкімдері, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің мәліметіне сәйкес жоспарланған 529 білім нысанының, мәдениет нысанының 288, денсаулық сақтау нысанының 247 және 708 кіші қазандықтардың жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жылу беру кезеңіне облыс көлемінде әлеуметтік нысандарға жылдық жоспар бойынша 33 мың тонна көмір, 25 мың тонна дизель отыны қажет. Қажетті отын көлемін жеткізуші мекемелермен келісім шарт жасалып, кезең – кезеңімен жеткізілуде»,- деді Ерлан Ералыұлы.

Қазіргі уақытта Қызылорда облысы бойынша газдандырылған абоненттер саны – 121 171 құрайды, оның ішінде: тұрғындар (жеке тұлғалар) – 118 534, жеке үйлер-69715, пәтерлер-48819; коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар-2454;өнеркәсіптік кәсіпорындар -183 құрап отыр.Филиал алдағы жылыту маусымына байланысты қауіпсіздікті алдын алу және халық арасында насихаттау мақсатында тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану бойынша айлық жариялады. Күнделікті біздің мамандар «РЦКУ-Қызылорда» ЖШС және Интергаз Орталық Азия АҚ «Қызылорда» магистальды газ құбырлары басқармасы филиалы қызметкерлерімен бірлесіп тұтынушыларға нұсқаулықтар мен жадынамалар таратып, тұрмыста газды пайдалану қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр»,- деді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының техникалық инспекциясының басшысы Ислам Бектұрғанов.

«Жылу маусымы 2021-2022 жж бастап жергілікті атқарушы органның шешімімен 00:00 сағат 10 қазан 2021 жылы басталады және жылу энергиясының төлемі сол кезден бастап есептелінеді.Жылу желілері бойынша:Қызылорда қаласында 186,8 шақырым жылу желілері бар.Магистралдық жылу құбырлары 35,744 км; Кварталаралық жылу құбырлары 151,05 км; Бүгінгі күні жылу желілерінің тозуы 40 пайызды құрайды. Қызылорда қаласы бойынша орталықтандырылған жылу жүйесіне барлығы 1 538 нысан қосылған. Өткен 2020-2021 жылдардағы жылу маусымына техникалық қызмет көрсету келісім-шартына 180 тұрғын үй отырып, жылу энергиясы жылу есептегіш құралдары арқылы есептелінді деді»,- Жылу электр орталығы директорының орынбасары Бахытжан Молдиманов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: