Былтыр қаладағы жеке кәсіпкер Жеңісбек Бердешов Қызылжарма ауылдық округінен өз қаражатына «Green house» жылыжай кешенін ашты.
Бүгінде ол аптасына жарты тонна өнім алуда. Жылыжай кешенінің аумағы – 10 сотық. Кәсіпкер бұл жобаны өз қаржысымен жүзеге асырып, бірнеше отбасыны жұмыспен қамтуда. Алақандай жерден әлеуметтің сұранысына сай өнім ұсынған жеке кәсіпкерге қала әкімі жан-жақты көмек көрсетілетіндігін жеткізді. Былтыр қияр еккен кәсіпкер биыл қызанақ өсіруде. Бұл өнім жыл соңына дейін жемісін бермек. Бір ерекешелігі, кәсіпкер өнімді базардан 20 пайызға дейін төмен бағада ұсынады. Сондай-ақ қаладағы әлеуметтік дүкендерді қамтамасыз етеді.
![Жылыжай – мол өнім кепілі](https://aqmeshit-aptalygy.kz/wp-content/uploads/2022/11/313436154_3222358971364172_1367826954127304210_n-1024x682.jpg)
– Негізі Қызылорданың тумасымын. Жиырма жылдай уақыт Астанада тұрып келдім. Өткен жылы туған жерге қайта келіп, жылыжай кәсібін қолға алып, қияр ектім. Осылайша 9 млн теңгенің өнімін сатып, нәтижесін көрдім. Енді биыл қызынақ егіп, одан 6 млн теңгедей пайда табуды көздеп отырмын. Бүгінде кәсібімді кеңейту мақсатында мемлекеттен жер сұрадым. Қала әкімдігі қолдау көрсетсе, жылыжай орналасқан көшенің абаттануымен, жарықтануын өз мойныма алар едім, – деді жеке кәсіпкер Жеңісбек Бердешов.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!