Бейсенбі, 28 қараша, 00:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Жылжымалы сайлау жәшігі қызмет етті

21.11.2022

795 0

Үйінде дауыс беретін сайлаушыларға сайлау учаскелерінің комиссия мүшелері заңдылықтар мен ереже-талаптарды сақтай отырып, өз таңдауларын жасауға жылжымалы жәшіктер арқылы мүмкіндіктер жасалды.

Айта кету керек, Қызылорда қаласында мүгедектігі бар азаматтарға арналған арнайы №366 дауыс беру учаскесі жұмыс жасайды. Аталмыш учаскеде дауыс беру кезінде ерекше жағдайларды қажет ететін мүгедектігі бар 188 сайлаушы тіркелген.

Естеріңізге салсақ, бүгін 20 қарашада Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Бұл сайлаудың бір ерекшелігі – жеңіске жеткен президент міндетін 7 жыл атқарады.

Биылғы президент сайлауына барлығы алты кандидат ұсынылды. Олардың қатарында қоғам қайраткері Қарақат Жақсылыққызы Әбден, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаев, «Ауыл» партиясы ұсынған кандидат Жигули Дайрабаев, «Аманат» Қазақстанның кәсіподақтар ынтымақтастығы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі атынан Мейрам Зекешұлы Қажыкен, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған Салтанат Тұрсынбекова мен Қасым-Жомарт Тоқаев бар.

Айта кетерлігі, Қызылорда қаласында барлығы 120 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Сайлаушылар таңғы сағат 7.00-ден бастап, кешкі сағат 20.00-ге дейін өз таңдауларын жасады. Өз сайлау учаскеңізді «109 бірыңғай байланыс орталығына» хабарласу арқылы, Ұялы телефон арқылы «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасынан немесе saylau.orda.gov.kz сілтемесіне кіріп, «Өзіңді сайлаушылар тізімінде тексер» деген атаумен арнайы баннерден білуге мүмкіндік болды.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: