Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жырмен тербеп Қызылорда аспанын…

27.09.2022

919 0

Туған ел, өскен ортаңды өлең өзегіне айналдыру өміршеңдігін жоймақ емес. Қала күні аясында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйытқы болуымен өткізілген Сыр ақындарының жыр жәрмеңкесі осы сөзімізді айғақтай түскендей. Қала күнінің кезекті мерекелік мезеті әдеби сазды кешке ұласты.

Қорқыт ата кешенінде орналасқан амфитеатр алаңында жыр мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Әдеби сазды кеш өте әсерлі өтті. Тағы­лымды шарада жергілікті ақындар өз шы­ғармашылықтарын тарту етіп, шырайлы шаһардың кескін келбетін өлеңмен ө­рнектеп, сөзбен суреттеді.

Алашқа белгілі ақындар Оңталап Нұрмаханов, Серік Ыдырысов, Қаршыға Есімсейітова, Қазына Өзденбаева, Елубай Әуезов, Мамыр Байдәулетов, Ғазиза Әбілда бастаған жыр көшін Толқын Қабылша, Назгүл Бердіқожа, Мөлдір Айтбай, Ғабит Кәдірбаев, Ұлықбек Бекұзақұлы, Биболат Сәтжанов секілді талантты жас ақындар жал­ғастырып, Ақмешіт аспаны жырға бөленді.

Поэзия кешін Сыр елінің талантты жас ақыны Ақжол Түменбай жүргізіп, өлеңсүйер көрерменге өзгеше жаңа леп сезіндірді. Ақын Фариза Оңғарсынованың «Өлең, мен сені аялап өтем!» деген сезімге құрылған сұлу сөздерімен кеш шырайы айшықтала түсті. 

Кеш барысында қала әкімі Асылбек Шаменов құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебізін білдірді.

– Әлімсақтан қаймағы бұзылмаған қас­терлі өлке Қызылорда баршамыздың сүйікті қаламыз. Сырдария жағалауын­дағы шырайлы шаһардың өткені мен бүгіні тарих толқынында қаттаулы. Талай тұғырлы тұлғаның қолтаңбасы қалған қасиетті мекеннің жетістігі ғасырлар қой­науында алтын әріптермен жазылып келеді, жазыла да бермек. Осындай өнер­­­лі өлкенің жазиралы дидарын жыр­мен кестелеп, жұртшылыққа паш еткен ақын­дардың орны бір төбе екені даусыз. Сыр­дың бас қаласы әлі талай қаламда­рыңыз­ға арқау болады деп сенемін. Сіз­дерге шығармашылық шабыт, толағай табыс тілеймін, – деді қала әкімі.

Жыр мерекесінде «Құрмет» ордені­нің иегері, жыршы Шолпан Бейімбетова, Үкітай Ерниязов, Әл-Фараби Бекарысұлы бастаған жергілікті өнерпаздар ән-жыр­дан шашу шашып, жиылған жұртшылық ерекше әсермен тарқасты.

Тұран төрінде түлеп, қалам қуатын өмір өзегіне айналдырған ақындардың әдеби кеші көрермен көңіліне жыр шуа­ғын төккендей күй сыйлады. Шара қорытындысында қала әкімі барша қатысу­шыларға алғыс хат пен естелік кәде­сыйлар табыстады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: