Жексенбі, 24 қараша, 04:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Зиянды заттарды тексерді

15.08.2024

480 0

Қызылорда облысы бойынша экология департаменті облыстың экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі «Жол картасының» аясында жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындыларын азайту мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізіп келеді.

Департаменттің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары «Таза ауа» іс-шарасын жүзеге асыруда тоқсан сайын полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп рейдтер ұйымдастырып, газ және дизель отынымен жүретін автокөліктерден шығатын шығарындыларға өлшеді.  

Іс-шараның мақсаты – қала төңірегіндегі автокөліктердің экологиялық нормаларға сәйкестігін анықтау.

Сынақ барысында бензин, газ және дизель отынымен жұмыс істейтін 59 автокөлікке өлшеу жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 3 автокөліктен белгіленген нормативтен асу деректері анықталды.

Нәтижесінде жол полиция қызметкерлерімен автокөлік иелеріне тиісті шаралар көрілді.

Қызылорда облысы бойынша

экология департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: